АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен 1 ақпанда Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.