Tesla Сybertruck пикабының қолжетімді нұсқасын ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Tesla компаниясы өзінің Cybertruck электрлік пикабының анағұрлым қолжетімді нұсқасын шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.
Сондай-ақ өндіруші өзінің ең қымбат көлігі — Cyberbeast пикабының бағасын төмендетті. Бұл шешім модельге сұраныстың төмендеуі және тұтынушыларды тарту қиындығы жағдайында қабылданды.
Компанияның бас директоры Илон Маск бұрын Cybertruck көлігін дәстүрлі брендтердің, соның ішінде Фордтың жаппай пикаптарына футуристік балама ретінде орналастырған. Алайда, модель көптеген шолулармен және құрастыру сапасына қатысты сынға ұшырады. Бұл тұтынушылардың қызығушылығына кері әсер етті.
Екі электр қозғалтқышы бар жаңа нұсқаның бағасы 59 990 доллар, бұл Cybertruck үшін ең төменгі бастапқы баға. Маск X платформасында бұл ұсыныстың тек он күн жарамды болатынын айтты. Акция аяқталғаннан кейін көліктің бағасы қанша болатыны әзірге жарияланған жоқ.
Сонымен қатар, Tesla Cyberbeast құнын 1 114,990 доллардан 9 99,990-ға дейін төмендетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл бұрын жүргізушінің бақылауымен толық автономды жүргізу жүйесін және Supercharger жылдам зарядтау станцияларының желісіне тегін қол жеткізуді қамтитын «Luxe пакетінен» бас тартуды білдіруі мүмкін. Бұл пакет өткен жылдың тамыз айында пикап бағасының қымбаттауымен қатар бір уақытта қосылған еді.
Айта кетейік, Tesla Cybertruck саудасы 2025 жылы 50%-ға жуық қысқарды. Автокөлік өнеркәсібіндегі қиындық кезінде инвесторлар Optimus гуманоидты робот жобасына көбірек назар аударады. Tesla компаниясы бұл роботтарды 2027 жылдың соңына қарай сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.