TikTok ЕО-да адам жасын тексеру жүйесін енгізеді

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – TikTok алдағы апталарда 16 жасқа толмаған қолданушылардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеуге үндеулердің артуына байланысты Еуропалық Одақта жас тексерудің жаңа технологиясын енгізе бастайды.

Соңғы жыл ішінде ЕО-да пилоттық сынақтан байқатпай өткізілген жүйе тіркеулік жазбаның 13 жасқа толмаған пайдаланушыға тиесілі екенін тексеру үшін профиль ақпаратын, жарияланған бейнелерді және мінез-құлық сигналдарын талдап отыр.

The Guardian-ның хабарлауынша, жүйе проблемалы деп белгілеген тіркеулік жазбаларын модератор мамандар тексереді, бірақ олар бұғатталмайды. Айта кету керек, Ұлыбританиядағы пилоттық жоба мыңдаған тіркеулік жазбаның жойылуына әкелді.

TikTok жаңа технология ЕО нормативтік талаптарына сәйкес арнайы жасалғанын хабарлады. Жүйені әзірлеу процесі барысында компания ЕО-да құпиялылықты жетекші реттеуші орган – Ирландияның деректерді қорғау комиссиясымен бірлесіп жұмыс істеді.

Еуропа Парламенті әлеуметтік желілерді пайдалану үшін жас шектеулерін енгізуді талап етіп отыр, ал Дания 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салғысы келеді.

Еске сала кетсек, Еуропарламент қараша айының соңында 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жөнінде резолюцияны бекітті.

Бұған дейін Meta жаңа адамның жасын тексеру жүйесін енгізіп жатқанын жазған едік.

Бұл әлеуметтік желінің және оның пайдаланушыларының бүкіл әлем бойынша балаларды қорғау ережелерін сақтауын жеңілдетеді.