«Негізі пилоттарда «метео бюллетень» деген арнайы ресми құжаттары бар. Сол метео бюллетень бойынша ұшуға мүмкіндік болды. Қазіргі таңда бізге белгілісі осы», - деді ТЖМ ресми өкілі.
Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.
Бүгін таңертең ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.