Тимофей Скатов Грекиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды
18:18, 13 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 182-ракеткасы Тимофей Скатов Херсониссос 2 (Грекия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 406-орында тұрған ұлыбританиялық Райан Пенистонның мысын басты.
Екі сет те 6:4 есебімен аяқталды.
Екі сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Пенистон 3 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 376-сатыдағы болгариялық Димитар Кузмановпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ-тағы турнирде Бублик пен Кукушкиннің қарсыластарынан басым түскенін жазған болатынбыз.