Тимофей Скатов Испаниядағы турнирде жергілікті теннисшіні жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 188-ракеткасы Тимофей Скатов Валенсия (Испания) ATP 175 турнирі іріктеу сайысының финалына өтті.

Фото: ҚТФ

Іріктеу сайысының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін ATP рейтингісінде 504-орында тұрған испаниялық Карлос Лопес Монтагудпен өткізді.

Тартысты өткен матчта Тимофей 6:3, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 9 минутқа созылған бәсекеде Скатов 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Жергілікті спортшы 6 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, іріктеу сайысының финалында Тимофей Скатов әлемнің 258-ракеткасы, германиялық Генри Сквайрмен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі турнирге өтеді.

Валенсияда 12-17 мамыр аралығында болатын аталмыш доданың жүлде қоры 272 720 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 43 635 еуроға қоса 175 рейтингілік ұпайға қол жеткізеді.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық, әлемнің 391-ракеткасы Жібек Құламбаева Парма (Италия) челленджер турниріне жолдама алды. Ол іріктеу сайысында WTA рейтингісінде 459-орындағы аргентиналық Николь Фосса-Уэргоны айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:4.

Енді Жібек негізгі жарыстың алғашқы айналымында әлемнің 211-ракеткасы, германиялық Анна-Лена Фридзаммен шеберлік байқасады. Оған қоса Ж.Құламбаева Н.Фосса-Уэргомен жұптық сында да өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.

Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей көрсеткішке қол жеткізді.

Сондай-ақ Анна Данилина Рим турнирінің 1/8 финалына шықты.