Тимофей Скатов Италия турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 277-ракеткасы Тимофей Скатов Барлетта (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 305-орында тұрған Италия өкілі Риккардо Бонадиомен шеберлік байқасты.

Т.Скатов корт иесін 7:5, 7:5 есебімен ұтты.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Скатов 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Бонадио 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 159-ракеткасы, босниялық Дамир Джумхур немесе рейтингіде 224-сатыдағы тағы бір италиялық Франческо Маэстреллидің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Магнус Карлсеннің Астанадағы әлем чемпионатына келетінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты ширек финалда жалғастырады.