Тимофей Скатов US Open турнирі квалификациясының жартылай финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан теннисшісі Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының квалификация ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: ktf.kz

Бірінші матчта әлемнің 128-ші ракеткасы Скатов ATP рейтингінде 240-шы орында тұрған жапондық Каити Утидамен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:2, 6:2. Кездесу ұзақтығы 1 сағат 13 минутты құрады.

Келесі айналымда Тимофей итальяндық спортшы Рауль Бранкаччимен (№ 169 ATP) ойын өткізуі тиіс.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық чемпионатында дебюттік іріктеу матчын өткізіп, онда жеңіске жетті.