- Валюталық саясатқа келетін болсақ, ішкі нарықтағы валюта бағамы фундаменталдық факторлардың, валютаға сұраныс пен ұсыныс арақатынасының әсерінен еркін бағам белгілеу жағдайында қалыптаса береді.
Сонымен бірге, Ұлттық банк ұлттық валютаны тұрақсыздандыратын, спекулятивтік ауытқуларды және қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін болдырмау үшін қатаң әрі жедел түрде нақты әрекет жасауға, яғни валюталық интервенцияларды жүргізуге дайын, -деді ол.
Тимур Сүлейменов Ұлттық банк квазимемлекеттік сектордың валюта нарығына ықпалын валюталық операциялар арқылы Үкіметпен бірге үйлестіріп басқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстан аумағында жедел респираторлы вирустар мен тұмаудың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін екені айтылды.