«Көші-қон саласы бойынша заң жобасымен тіркеусіз немесе жеке басын куләндыратын құжатсыз тұрғандарға айыппұл санкцияларын арттыру ұсынылады. Сонымен бір мезгілде, тіркеусіз тұруға қатысты мерзімді бір айға дейін қысқарту көзделіп отыр. Пәтер иелеріне олардың пәтерлерінде тіркеусіз тұлғаларды тұрғызылғаны үшін айыппұл санкцияларын енгізу бойынша әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Мұндай нормалар еліміздегі миграциялық режимді қамтамасыз етіп, осы саладағы процессті бақылауға мүмкіндік береді. Пәтер иелері мен басқа да тұлғалардың тіркеусіз тұлғаларды тұрғызуға қатысты жауапкершілігін арттырады», дейді Р. Жақыпов.
Оның айтуынша, бұндай қадам пәтерлерді жалға беру мен оларға тұрғызуға қатысты былықты реттеуге мүмкіндік береді. «Үлкен қалаларда кейбір пәтерлерде тіпті екі-үш жүз адамға дейін тіркелгендер бар. Сонымен қоса, қосымша тіркеусіз тұрып жатқандар да жеткілікті», деп атап өтті ІІМ өкілі.