Кеңес отырысында заңсыз көші-қонның жол кесу бойынша бірлесе алдын алу, жедел және арнайы шаралар өткізу, көші-қон саласында жалған құжаттар жасау тәсілдерін анықтау мәселелері талқыланды.
Қазақстан делегациясының басшысы, Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев заңсыз көші-қон арналарын анықтауға нақты шараларды атап, қосарланған азаматтыққа қарсы тұрудағы проблемаларды қозғады және ақпарат алмасу туралы шекті келісім жасасуды ұсынды.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің, ТМД Атқарушы комитеті мен Парламентаралық ассамблеяның, Еуразия экономикалың комиссиясының өкілетті өкілдері қатысты.