Бірінші кезеңде қазақстандық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Қос қанаттын жиі шабуылдап, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттердің бірінде Ислам Чесноков 7-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Екінші кезеңде сербиялық клуб сапынан Стефан Митрович 47-минутта таразы басын теңестірсе, Чака Траоре 92-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Тобыл» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді «Партизан» плей-офф кезеңінде Испанияның «Хетафе» командасымен шеберлік байқасады.
Қостанайлық клуб алғашқы ойында қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберген еді. Олар екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден — 3:2) клубын қапы қалдырған еді.
Сондай-ақ Чемпиондар лигасында алматылық «Қайрат» бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінде Черногорияның «Сутьеска» (2:1, 2:0), «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырса, үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левскиге» (0:1, 0:1) жол берді.