Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды.

Фото: Ақорда

Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды.

Фото: Ақорда

«Алтын сапа» сыйлығына «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компаниялары ие болды.

Фото: Ақорда

Шара соңында Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарымен, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарымен суретке түсті.

Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Президент елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалғанын айтты.

Сонымен қатар Тоқаев ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге шынайы құрметпен қарайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды.

Биыл «Бәйтерек» холдингі арқылы ШОБ-ты қолдау көлемі шамамен екі трлн теңгеге жеткені анықталды.