Тоқаев Алжир Президентін Революция күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 5 шілдеде Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунды елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді. Мемлекет басшысы жеделхатында Алжирді араб әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап өткен болатын.