— Әңгімелесу барысында Президент FIBA-ның отандық баскетболға көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, Сауд Али Әл-Тәниге Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толып отырғанын, осы орайда, балалар мен жастардың ықыласы ауған баскетбол танымал спорт түрлерінің қатарына енгенін атап өтті, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстаннан халықаралық деңгейде, соның ішінде әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен көрнекті баскетболшылар шыққанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде келешегі зор бағыт ретінде 3×3 форматындағы баскетболға қызығушылық арта бастағанына тоқталды.
Кездесуде бұқаралық және кәсіпқой баскетболды ілгерілетуге, спорттық резерв даярлауға, бірлескен жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылды.
Федерация президенті Мемлекет басшысына елімізде аталған спорт түріне қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Ұйымның баскетболды одан әрі дәріптеуге бағытталған жоспарымен бөлісті.
Айта кетейік, бұған дейін Пашинян Тоқаевты Құрылтай сайлауымен құттықтады.