Тоқаев Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдаған болатын.

Мемлекет басшысы Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді.