Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетелік Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы тағайындалған еді.