Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялар туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Қытай инвестицияларды қорғау жөніндегі келісімді ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетелік бұған дейін Тоқаев мемлекеттік қызметі туралы заңға қол қойған еді. Сонымен қатар Президент жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты құжатқа қол қойды