Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары — Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдаған еді.