Тоқаев: Полиция азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең өзекті міндеттердің бірі – құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау болып отыр. Мемлекеттік күштік құралы ретіндегі полиция бейнесі біртіндеп өткеннің еншісіне кетіп, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші кезеңде, 2020 жылдың соңына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа жол бермеу сапалы жүзеге асырған жөн.

«Полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігі сол полиция қызметінің мәртебесіне байланысты. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы 3 жылдың ішінде 173 млрд теңге бағытталатын болады. Бұл қаражат жалақыны арттыруға баспана жалдауға, ХҚКО принципі бойынша заманауи полиция фронт-кеңселерін құруға жұмсалады», - деді Қ.Тоқаев.