Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді.
Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін саяси партия өкілдерінің командалық теледебаты қалай өткенін жазған едік.