Тоқаев Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетелік Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдаған еді.

Президент Токио губернаторының сапары Қазақстан мен Жапония арасында орнаған кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын, мұның символдық мәні бар екенін атап өткен еді.