ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәулет бұл мүмкіндікке әзербайжандық Гаджи Әлиев финалға шыққаннан кейін қол жеткізіп отыр. Ол аталған қарсыласына жартылай финалда 1:9 есебімен жол берген еді.
Дәулет алғашқы жекпе-жегінде кубалық Алехандро Вальдесті 21:11 есебімен жеңген болатын.
Г. Әлиев жартылай финалда үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты.
Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр.
Дәулеттің ендігі қарсыласы - сенегалдық Адама Диатта.
Белдесу 7 тамыз, елорда уақытымен шамамен сағат 15:52-ге белгіленген.
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.