ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында академиялық есуден қазақстандық Владислав Яковлев жартылай финалға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы өз тобында бесінші орынды місе тұтты.
Ертең, 30 шілдеде жарысқа қатысушылар 19-24 орындарды сарапқа салады. Онда қазақстандық спортшы D финалында бақ сынайды.
Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиадада бақ сынады. Жалпы алғанда 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.