Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға баратынын хабарлаған.
Сапар аясында Император Нарухито, премьер-министр Санаэ Такаичи, сондай-ақ жапон бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер жоспарланған.
Бұдан басқа, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды.