Токиода Данилина мен Құламбаева әлемдегі мықты жұптардың бірін ұтты
ТОКИО. KAZINFORM - Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің Қазақстан мен Жапония арасындағы іріктеу матчы мәресіне жетті.
Фото: ҚТФ
Кортта жұптық сында Анна Данилина - Жібек Құламбаева әлемнің 20-ракеткалары Сюко Аояма - Эна Сибахарамен сынға түсті.
Бірінші партияда қазақстандық жұп тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (9:7).
Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды - 6:3.
Фото: ҚТФ
Супер тай-брейкте Құламбаева - Данилина жеңіст жұлып алды - 11:9.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандықтар 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Жапониялық дуэт 3 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, қорытынды есеп - 3:1, Жапония құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды.
Фото: ҚТФ
Қазақстан командасы қараша айында Билли Джин Кинг кубогінің плей-офф кезеңінде бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогінде Жапонияның алғаш рет финалдық кезеңге шыққанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).