Т. Рақымбеков елордадағы Ұлттық музейде орналасқан № 52 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды.
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7:00-20:00 аралығы) болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де ашылды.