Андрей Григорьев Калифорниядағы Крисси Филд жағажайында кайтсёрфингпен немесе кайтбордингпен -батпырауықтың (кайт) көмегімен тақтайшада толқын үстінде сырғи жүзбек болады.
Ол бар көріністі түсіру үшін экшен-камераны бекіткен. Кадрға ғажайып оқиға түсіп қалған. Ол байқаусызда бүкір киттің үсітнен бір-ақ шыққан.
«Шамамен 15 секундтай менің жүзу тақтайшамның астында бір нәрсе барлығын сездім. Артынша киттің тап менің жанымда судан ырши секіргенін көрдім»,-дейді Андрей.