Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119 150) келіні еңсерді.
Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды — 273 (119 154) келі.
Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді — 268 (122 146) келі.
Бұған дейін Ксения Прозорова Ташкентте ауыр атлетикадан Азия және әлем рекордын жаңартқанын жазғанбыз.