Алматы әуежайында спортшыларды жанкүйерлер, туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ жас спортшылар қарсы алды.
Елге оралғандардың қатарында бокстан Азиада чемпиондары Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай, күміс жүлдегерлер Елдос Сметов пен Ажар Асхат, сондай-ақ қола жүлдегерлер Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова, Екатерина Таранцева, Екатерина Токарева, Анастасия Ананьева және басқа да спортшылар бар.
Спортшылар жерлестеріне жылы қарсы алғаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Еске салайық, Азиада-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан 84 медаль (12 алтын) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға ие болды.
4 қазанда Жапонияда Азиада-2026 ойындарының жабылу салтанаты өткені туралы жазған болатынбыз.