Төрехан Сабырхан Азия ойындарында Ирак боксшысын бірінші раундта жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы Азия ойындарында 28 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі) жартылай финалға шықты.

Фото: olympic.kz

Төрехан Сабырхан Азия Ойындарының жартылай финалына шықты. Ирак спортшысымен бүгінгі жекпе жек алғашқы раундта аяқталды

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Нұрбек Оралбай (90 келі) шаршы алаңға шықты.

Айта кетсек, ел құрамасынан Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.

Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.