Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

НАГОЯ.KAZINFORM — Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының бокстан финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Фото: olympic.kz

Ерлер арасында 70 келі салмақта қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шығып, иорданиялық Зейад Ишаишпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Үш раунд қорытындысы бойынша, отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарында жеңіп алған оныншы алтын медалі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін қазақстандық екі боксшы Азия ойындары финалында сынға түседі.

Сонымен қатар, Төрехан ақтық сында иорданиялық қарсыласынан есе қайтаратынын айтқан болатын.