Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Ол Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Отандасымыз Чехия өкілі Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдылық танытып, үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал, төреші жекпе-жекті аяқталғанын хабарлап, Төрехан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әлішер Әбдуәлімнің (3-0, 2 КО) үндістандық қарсыласынан басым түскенін хабарлаған едік. 

Өкінішке қарай Ақниет Әлімбай кәсіпқой бокста алғаш рет қарсыласына есе жіберді.