«Меніңше министрлер қашықтан жұмыс істемейді. Себебі олар мемлекеттік органның басшысы әрі бүкіл мемлекеттік органның жұмысы үшін жауапты», - деді Анар Жайылғанова Орталық коммуникацичлар қызметіндегі брифингте.
Айта кетейік, кеше ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған екі қала бүгін сағат 00:00-ден карантинге жабылады.