Бейнежазбада бірнеше жүргізушінің қала аумағында кортеж ұйымдастырғаны анықталды.
- Олар жол ережесін елемеген. Жол жүрісі, маневр жасау, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзған және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік құралын басқарған. Барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар – Қызылорда қаласының 20-35 жас аралығындағы тұрғындары, - делінген хабарламада.
Құқық бұзушыларға қатысты 15 хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды. 1 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Барлық қатысушыға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту берілді.
Еске салайық, жуырда Жаңақорған ауданындағы орталық көшелердің бірінде көптеген көліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі анықталды.