Алматы қалалық полиция хабарлағандай, тойға шақыртусыз келіп, өзін өтірік қыз немесі жігіт жақтың танысымын деп отырған. Ішіп-жеп тойып алғасын үстелдің үстіндегі қарауыз телефондарды жымқырып тайып отырған.
34 жастағы жігіт осылайша 7 рет елді сан соқтырған.
«Оған қарсы ҚР ҚК 188-бабы бойынша біреудің мүлкін ұрлады деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ, оның Астанадағы ұрлықтарға да қатысы бар екендігі белгілі болды», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Есен Ысқақов.
Қазіргі таңда ол уақытша оқшаулау орнына қамалды.
12:42, 17 Мамыр 2017
Тойда телефон жымқырып жүрген жігіт ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы тойда телефон ұрлаумен айналысқан жігітті ұстады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болып шықты.