Toyota компаниясы бағдарламалық жасақтамадағы ақауға байланысты АҚШ-та 2026 жылғы 30 978 дана RAV4 Plug-in гибридті көлігін кері қайтарып жатыр. Ақау көліктің гибридті жүйесінің қозғалыс кезінде кенеттен істен шығуына себеп болады.
NHTSA мәліметінше, мотор-генераторды басқару жүйесіндегі олқылық жоғары жылдамдықта гибридті жүйенің қуатын азайтып, оның өшуіне әкеледі.
NHTSA бұл ақау апат қаупін күшейтуі мүмкін екенін ескертті.
АҚШ-тағы Toyota дилерлері мәселені шешу үшін тиісті бағдарламалық жасақтаманы тегін жаңартады.
Toyota компаниясы тиісті көлік иелеріне желтоқсан айының басында хабарлама жіберетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Kia компаниясы өрт шығу қаупіне байланысты АҚШ-та 460 мыңнан астам көлігін жөндеу үшін кері қайтаратынын хабарлаған еді.