«22 шілдеде сағат шамамен 13.00-де 1992 жылы туған жүргізуші «Toyota» көлігімен Достық көшесі бойымен Сауран көшесіне қарай бара жатқанда арақашықтықты сақтамай, осы бағытта жүріп келе жатқан «Toyota» маркалы көлігімен қақтығысты. Соңғысы қоғамдық көлік аялдамасына соғылды», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Абырой болғанда, жол-көлік апатынан жапа шеккендер болмады. 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.