Трамп АҚШ қазір Венесуэланы басқарады деп мәлімдеді

Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM — Дональд Трамп АҚШ енді Венесуэланы бақылап отыр деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ ел президенті Николас Мадуроның АҚШ-қа және бүкіл әлемге қарсы қылмыстарға жауапты екенін хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

— Осы айдың басында осы жерден Мар-а-Лагода айтқанымдай, біз Мадуроны Америка Құрама Штаттарына және әлемге қарсы қылмыстары үшін тұтқындадық, — деді Трамп.

Ол бұл туралы Флорида штатындағы Палм-Бичтегі көшенің атын өз атына ауыстыруы кезінде айтты.

— Біз қазір елді басқарып отырмыз, — деді Трамп Венесуэла елін меңзеп.

Ол Венесуэланы бар болғаны бір аптаның ішінде күрт өзгерген «басқа ел» деп сипаттады.

Еске салайық, Венесуэла оппозициясының көшбасшысы өзіне тиесілі Нобель сыйлығын Трампқа берді.