— Біз жұмыс аяқталмайынша кетпейміз. Бұл өте жылдам болады, — деді Дональд Трамп.
Ол соңғы 11 күнде АҚШ күштері «Иранды іс жүзінде жойды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ Иранда енді радарлар мен әуе қорғанысы жоқ екенін айтты.
Трамп Тегеран ұшырған зымыран мен дрондардың саны қақтығыстың алғашқы күндерімен салыстырғанда 85-90%-ға қысқарғанын, одан бөлек, Иран әскери-теңіз күштерінің 58 кемесі жойылғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Дональд Трамп Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескертті. Ол «АҚШ бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді» деп қорқытты.