Трамптың айтуынша, 2026 жылғы G20 саммиті желтоқсанда Майами маңындағы Дорал қаласында орналасқан, өзіне тиесілі гольф-клуб пен қонақүй кешенінде өтеді.
— Иә, ол Доральде өтеді. Барлығы дәл сол жерде болуын қалайды, себебі курорт әуежайға жақын орналасқан. Бұл ең жақсы жер әрі тамаша, — деді АҚШ президенті, оның сөзін AFP агенттігі жариялады.
Республикалық саясаткердің айтуынша, саммитті ұйымдастырудан қаржылай пайда көздеу қарастырылмаған.
— Бұл ақшаға қатысты келісім емес, — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар Трамп АҚШ-та өтетін саммитте Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді қуана қабылдайтынын жеткізді.