— Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және фельдмаршал Асим Мунирмен жүргізілген келіссөздердің, сондай-ақ олардың Иранға қарсы бүгін кешке жойқын күш қолдануды кейінге қалдыру жөніндегі өтініштерінің негізінде, Ислам Республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз түрде ашуға дайын болған жағдайда, мен Иранды бомбалау мен оған шабуыл жасауды екі апта мерзіміне тоқтатуға келісемін, — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сейсенбі күні Пәкістан Премьер-министрі АҚШ президентінен Иранмен келісімге келу үшін белгіленген соңғы мерзімді тағы екі аптаға ұзартуды сұрады. Оның айтуынша, жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу бағытындағы күш-жігер «тұрақты түрде ілгерілеп келеді және таяу болашақта елеулі нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Шахбаз Шариф Иран билігіне осы мерзім ішінде «ізгі ниет белгісі ретінде» Ормуз бұғазын ашуды ұсынды.
Axios басылымына 5 сәуірде берген сұхбатында АҚШ президенті Иранмен 7 сәуірге дейін мәмілеге келу мүмкіндігі жоғары екенін болжаған еді. Бұған дейін ол Truth Social әлеуметтік желісінде, егер Иран 6 сәуірге дейін Ормуз бұғазы арқылы ауқымды кеме қатынасын қайта жандандыруға жағдай жасамаса, энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасалуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Сондай-ақ ол Иранды сейсенбінің бір түнінде «жойып жіберемін» деп қорқытты.
Кейін Америка көшбасшысы ықтимал келісімге қол жеткізу мерзімін тағы бір күнге – 8 сәуірге дейін ұзартты.
Ал Ирандағы ұшқыштың құтқарылуы туралы ақпарат таратқандар сотталады деп қорқытты.