– Жоғарыдан қараған кезде ядролық нысандардың жердегінің барлығын шарпығанын ұмытпаңыз. Бәрі түгел өртеніп кеткен. Менің ойымша, бұл толық қирау болды, - деді Америка басшысы НАТО Бас хатшысы Марк Рутпен кездесуінде.
Трамп америкалық БАҚ-тағы, негізінен өзіне дұшпандық көзқарастағы ақпараттарды сынады. Олар барлау деректеріне сілтеме жасай отырып, Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық нысандарын толығымен жоя алмады деп мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың НАТО саммитіне қатысу үшін Гаагаға келгенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ Конгресс Трамптың әскери өкілеттіктері туралы қарарды бұғаттағанын жазған болатынбыз.