Трамп Испанияның НАТО-дан шығарылуы мүмкін екенін жариялады

Фото: ANEWZ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді меңзеді, деп хабарлайды Anewz агенттігі.

Дональд Трамп НАТО альянсы Испанияны блоктан шығаруды қарастыруы керек екенін және оның әкімшілігі Ресейге қарсы қосымша санкциялар салуы мүмкін екенін айтты.

Ақ үйде Финляндия президенті Александр Стуббпен кездескен Трамп Испанияның НАТО-дағы әрекетін сынап, себептерін нақтыламаса да, «Испанияны альянстан шығару керек шығар» деді.

«Вашингтон Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізуді жоспарлай ма?» деген сұраққа Трамп «мүмкін» деп жауап беріп, Ресейге қарсы шаралар қарастырылып жатқанын жеткізді. Ол сондай-ақ АҚШ әскерін Еуропадан шығару идеясын құптамайтынын мәлімдеді.

— Еуропада біздің әскеріміз өте көп, біз оларды аздап жылжыта аламыз. Бірақ біз барлығына дайын болуымыз қажет», — деді Трамп.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп алдағы аптада Израильге баруы мүмкін.