Америка көшбасшысы бұл туралы АҚШ Конгресіне аралық сайлау қарсаңында Аризона штатында Республикалық партия жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде айтты.
— Ақыр соңында олар АҚШ-тың 51-штатына айналады. Басқаша болуы мүмкін емес. Олар бізге керек емес, біз оларға керекпіз, — деді ол.
Оның сөзінше, бұған дейін АҚШ Канадамен арадағы сауда-экономикалық байланыстар салдарынан жыл сайын 100 миллиард долларға дейін шығынға ұшыраған.
Трамп Канада билігі «Гренландияның жолын қайталайды» деп есептейді. Қыркүйекте АҚШ президенті Дания премьер-министрі Метте Фредериксен және Гренландия үкіметінің басшысы Йенс-Фредерик Нильсенмен бірге Арктикадағы аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін Вашингтонға беру жөніндегі келісімге қол қойған.
Трамп бұған дейін де Канаданы АҚШ құрамына қосылуға бірнеше рет шақырған. Ол Канада премьер-министрі Марк Карниді де бірнеше мәрте «губернатор» деп атаған.
Алайда Канада билігі елдің АҚШ құрамына қосылуы мүмкін екенін жоққа шығарды. Қыркүйек айының соңында Карни The New York Times газетіне берген сұхбатында Канада билігі соңғы бір жылда АҚШ тарапынан болуы ықтимал әскери басып кіру жағдайына дайындалғанын айтқан. Дегенмен ол мұндай жағдайдың орын алу ықтималдығы төмен деп есептейтінін жеткізген.
Айта кетейік, Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз атымен атауды ұсынды.
Бұған дейін ол АҚШ-қа Канаданың хоккей таяғы мен қорғаныш маскасы қажет емес екенін айтқан болатын.