Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз атымен атауды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп қызметінен кетпей тұрып Атлант немесе Тынық мұхиттарының бірінің атауын «Трамп мұхиты» не «Америка мұхиты» деп өзгертуді жоспарлап отыр, деп жазады ТАСС.
— Бізге мұхит керек. Сондықтан Атлант мұхитын немесе Тынық мұхитын өзгертуді ойлап жүрмін. Оны «Трамп мұхиты» немесе «Америка мұхиты» деп атаймыз. Шамамен осындай атау болады. Мұны мен қызметімнен кетпей тұрып жасауымыз керек. Менің ойымша, бізге өз мұхитымыз керек, сондай-ақ ұлы өзеніміз де болуы қажет. Бірақ Миссисипи өзенінің атауын өзгертпеймін. Маған Миссисипи ұнайды, — деді ол.
Сондай-ақ Дональд Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп қайта атау мүмкіндігін тағы да сөз етті.
Бұған дейін АҚШ президенті Мексика шығанағын «Америка шығанағы», ал Онтарио көлін «Америка көлі» деп қайта атау туралы жарлықтарға қол қойған. Бұл құжаттар федералдық үкіметтің ресми құжаттары мен федералдық карталарда аталған географиялық нысандардың қалай аталатынын өзгертеді. Дегенмен, Трамптан кейінгі президенттер бұл өзгерістердің күшін жоятын атқарушылық жарлықтарға қол қоюы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Нью-Мексико штатын «Жаңа Америка» деп қайта атауды ұсынған болатын.