Трамп Ресей әскерін шығару туралы: Өте үлкен аумақ оккупацияланған

Фото: Фото: BBS News

АСТАНА.KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі Ақ үйде өтіп жатыр. Бұл туралы BBS News мәлімдеді. 

Владимир Зеленскиймен кездесуде Дональд Трампқа журналистер «Ресей әскері Украина аумағынан шыға ма?» деген сұрақ қойды.

— Көреміз. Ол жерде өте үлкен аумақ оккупацияланған, — деп жауап берді Трамп. Бұл сөзін «РБК-Украина» келтірді.

Трамп өзінің және Зеленскийдің соғысты тоқтата алуы «керемет болар еді» деп мәлімдеді. Өз кезегінде Зеленский бейбіт келіссөздер барысында Путинмен «ешқандай ымыраға келмейтінін» екенін айтты.

Зеленский Трампқа әскери қылмыстарды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, «Менің ойымша, президент Трамп біздің жақта» деді.

Сондай-ақ, Зеленский АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен сөз таластырды. Вэнс дипломатияның маңыздылығы туралы айтқан еді. Зеленский оған: «Мен Путинмен келісімге қол қойдым, ол кезде Макрон мен Меркель де болды. Бұл жерде қандай дипломатия туралы сөз болып отыр?» — деп жауап берді.

Кездесуде Трамп НАТО туралы да айтты.

— Біз НАТО-ға берікпіз, бірақ НАТО өз ұстанымын күшейтуі керек, ал еуропалықтар бұдан да күштірек болуы қажет. Мен олардың бізбен теңескенін қалаймын. Неге біз — арада мұхит бар — Еуропаға қарағанда әлдеқайда көп ақша мен басқа да көмекті жібердік? Әрине, олар [Украинаға] өте пайдалы болды, бірақ біз әлдеқайда көп жұмсадық, — деді Трамп.

Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтіп жатыр.