Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты G7 саммитінен ерте кетіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп Тегеран тұрғындарының шұғыл эвакуациясы жөніндегі твитінен көп ұзамай, оның баспасөз хатшысы да дәл сондай әдіспен хабарлама таратып, президенттің Канадада өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммитінен мерзімінен бұрын кететінін мәлімдеді. Себеп ретінде «бірқатар маңызды істермен айналысу қажеттігі» айтылған, деп жазды BBC.
– Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларға байланысты президент Трамп мемлекет басшыларымен кешкі астан кейін бүгін саммиттен кетеді, – деп жазды Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).
G7 саммиті өтіп жатқан Канаданың батысындағы Кананаскис қаласында бұл уақытта шамамен кешкі алты шамасы болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ президенті Дональд Трамп TruthSocial желісінде жариялаған жазбасында Тегерандағы барлық тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялануға шақырды.
Оған дейін ол Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде берген еді.