Трамптың арнайы өкілдері Зеленскиймен кездесу үшін Киевке барды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке барды.

Фото: DW

Украина БАҚ-тарының хабарлауынша, АҚШ президентінің өкілдері Польша аумағынан пойызбен Украина астанасына келген.

Фото: DW

«Еуропалық шындық» басылымының жазуынша, Кушнер мен Уиткофф бейбіт реттеу мәселелерімен айналыса бастағаннан бері Украинаға алғаш рет келіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамптың арнайы өкілдері Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Ақ үй өкілдері бұл келіссөздерді «мазмұнды» деп бағалады.