Трамп соңғы екі күнде АҚШ пен Иран арасында Таяу Шығыстағы қақтығысты толық тоқтатуға бағытталған «өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер» өткенін айтқаннан кейін бірнеше минут ішінде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі қысқа уақытқа 100 доллардан төмен түсті.
Сонымен қатар, дүйсенбі күні сауда-саттықты 2 пайыз төмендеумен бастаған Германияның DAX қор индексі кейін күрт өсім көрсетті.
Иран билігі әзірге Трамптың мәлімдемесіне ресми түрде түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Тегеранға ультиматум қойып, 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын кеме қатынасына ашуды талап еткен. Әйтпесе Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасалатынын ескерткен.
Өз кезегінде Иран Ормуз бұғазын толық жабуы мүмкін екенін, сондай-ақ Израильдің энергетикалық және IT инфрақұрылымына, АҚШ базалары орналасқан аймақтардағы электр станцияларына соққы жасалуы ықтимал екенін мәлімдеген.